1 желтоқсан » Алға бастауыш мектебі
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2018

1 желтоқсан

Біздің сүйікті - Елбасы


Тақырыбы: Біздің сүйікті - Елбасы

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің Рәміздерімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайту; тілін дамыту.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ел Рәміздерінің суреттері (плакат)
Топ іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын?!

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

Армысыздар
ұстаздар мен мектепалды даярлық сынып оқушыларыТұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!
 Мектепалды даярлық сынып оқушыларының 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

«Шаттық шеңбері»

Бір шаңырақ астында
Тату - тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сайран құрамыз
(Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойында тұрып, қимыл жасайды)

Жүргізуші: Хор. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ГИМНІ
Сөзі: Ж. Нәжімеденов
Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
- Балалар, біздің мемлекетіміздің аты қандай?
- Қазақстан Республикасы (балаларға қайталаттыру)
- Біздің Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Астана
- Біздің тіліміз қандай?
- қазақ
Балаларға Елбасы туралы түсінік беру
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне, сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады.

Жүргізуші: Ән: Мен кішкентай баламын.
(Д. Омаров)

Жүргізуші: - Балалар, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа арнаған тақпақтарымызды айтайықшы?

Абдурахман:
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.


Нұрдаулет:
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтті елін қазақтың.


Ардақ:
Жасай берсін елбасы
Қолдап – қорғап ел – жұртын.

 

Нұрсәт:                                                                                                                                                    Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Тірегі әке баланың,
Қазақстан  жалауы.


Мақсат:
Жасай бер елім, Қазағым!
Жасай бер ағам, Елбасым!


<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

 

 

Нуржан:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

 

 

Сабыр:

Елбасы елді қорғайды,

 Халық қамын ойлайды.

 Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

 

 

 

Айзере:

Отан менің Ата-анам,

Отан досым бауырым.

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

 

Батырхан:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

 

 

Жансұлтан:

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

 

 

Гүлсім:

Қазақ-тілі ата-  анаң
Қуат алар Отан да одан.
Дүниенін бар асылы,
Тең келмейді ешбірі оған.

 

 

Сержан:

Айнымайды  аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Жасмин:

Отан жерім, Отан-суым,
Отан  қуат нәр береді.
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

 

 

 

Айбар:

Тәуелсіздік  жолында,
Талай-талай тер төккен,
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім  Елтаңбам


Би: «Көк тудың желбірегені» әніне жалаушамен би билеу.
Бір топ балалардың орындауында
Ойын: «Түсін тап»
Шарты: Тәрбиеші балалардың алдарына екі түрлі түсті жалауды қояды, соның ішінен Қ. Р Туының түсін тани білуі керек.
Мақсаты: Балалардың ел Рәміздеріне деген патриоттық сезімдерін ояту. Түстерді ажырата білу.
Жүргізуші:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.

Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.

Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
- Құрметті қонақтар, балала! Бүгінгі біздің 
тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің сүйікті - Елбасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

 

1 желтоқсан

 

1 желтоқсан

 

1 желтоқсан

 

1 желтоқсан

 

1 желтоқсан

 

Похожие публикации:

27 ноябрь 2018 1 желтоқсан
24 октябрь 2018 Жәрменке
05 апрель 2018 Мектеп ұжымы
19 октябрь 2018 Ашық бюджет