1 желтоқсан » Алға бастауыш мектебі
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2018

1 желтоқсан

Тақырыбы : «Президентім –мақтанышым, тірегім.»


Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін арттыру.      Ел президентің құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, баяндау

Көрнекіліктер: Назарбаевтың қанатты сөздері,  суреттер, бейне  ролик.

Мұғалім:
Алаулаған алабына нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағын желбірейді төрінде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

 

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

 

 Балалар айтыңдаршы  біз  қай мемелекетте  тұрамыз?

Мемлекетіміз  қалай аталады? 

Тұңғыш  президентіміз кім?

« Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан» Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтақсанда біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
Н.Ә. Назарбаев кім? Ол –еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.


Жасмин:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.


Сағи :
Жасыңнан жігіт едің жалын атқан,
Арқаның ақ бораны таңдай қаққан,
Кешегі сұлу жігіт Нұр атаны,
Бүгінде халқы сүйіп, етер мақтан.


Айзада:
Отан деген – әр адамның жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды барлық елге паш еткен.
Президентім –мақтанышым, тірегім.


Мұстафа:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман сау жүрші Атамыз.

 

Інжу:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.


Нұрғиса:

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.


Мадина:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.

 

Санжар:

Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.

Сезім:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Дияс:
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Президентіміз  туралы бейне  ролик.
Мұғалім:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

 

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Мұғалім:
Нарқына арқа жерінің,
Көрегендікпен қарады.
Жүрегі етті елінің,
Астана сынды қаланы.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

 Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

 Таниды сені бар әлем бүгін.

 

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, "Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады)

 «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

 Туды ұстап тура жолға түсіріп,

 Жас Отанның өмірін де түсініп,

 «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

 Бір керемет жасады-ау кісілік!

 Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

 Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

 «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

∙ Ақорда- Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
∙ Бәйтерек – Астананың басты белгісі.
∙ Тәуелсіздік сарайы – мемлекеттік ресми іс шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.
∙ Парламент үйі – Өкімет үйі.
∙ Бейбітшілік пен келісім сарайы-әлемдік және дәстүрлі діңдер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.
∙ Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.
∙ Хан шатыры- Астананың ең үлкен ойын –сауық орталығы
∙ Мұхит аралы- мұхит жануарларын көретін орын.

Мұғалім: Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен –кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр сәніміз де,- дей келе Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің » әнімен бүгінгі ашық  сабағымызды  аяқтаймыз.


1 желтоқсан

 

1 желтоқсан

 

1 желтоқсан

 

Похожие публикации:

27 ноябрь 2018 1 желтоқсан
24 октябрь 2018 Жәрменке
05 апрель 2018 Мектеп ұжымы
19 октябрь 2018 Ашық бюджет