Мерекелік іс шара » Алға бастауыш мектебі
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мерекелік іс шара
14
декабрь
2018

Мерекелік іс шара

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тө-рінде» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған  Желтоқсан оқиғасына биыл 27 жыл толып отыр.(слаид көрсету)

Хормен:

Көк туым көтерілді бағым жанып,       

 Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.   

 Шырқадым әнұранды бар дауыспен,                                                                     

 Арманым –Ата заңым қабылданып.

       Қ.Р. Гимні орындалады

1 оқушы

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

2оқушы

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

3 оқушы

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған

4 оқушы

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

5 оқушы

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

6 оқушы

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

7 оқушы

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

     «Қазақстан бақытты» әні орындалады

8 оқушы

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

9 оқушы

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

10 оқушы

16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

11 оқушы

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

       «Бала тілегі»өлеңі

27 жылдығына арналған « Тәуелсіздік төрінде» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

(хормен)

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Мерекелік іс шара

 

Мерекелік іс шара

 

Мерекелік іс шара

 


 

Похожие публикации:

27 ноябрь 2018 1 желтоқсан
27 ноябрь 2018 1 желтоқсан
27 декабрь 2018 Мерекелік іс шара
24 октябрь 2018 Жәрменке